Жетісу облысында орманшылар сотталды

Редактор
25 февр. 2025 г., 14:51
Жетісу облысында орманшылар сотталды

Қаратал аудандық соты сирек кездесетін жануарларды заңсыз аулау ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Прокуратура ақпаратына сәйкес, өткен жылдың қыркүйегінде «Үштөбе орман шаруашылығы» КММ-нің үш қызметкері қатардағы бір адаммен бірлесіп, «УАЗ» қызметтік көлігін пайдаланып, орман шаруашылығы аймағында Қызыл кітапқа енген қарақұйрықтарды заңсыз аулаған.

Соттың үкімімен ұсталғандардың барлығы ҚР ҚК-нің 337-бабы («Заңсыз аңшылық») бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді, – делінген хабарламада.

Сотталушылар мемлекетке келтірілген 7 миллион теңгеге жуық залалды толық өтеді. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Прокуратура қоршаған ортаны қорғау заңнамасын сақтаудың және сирек кездесетін жануарларды қорғаудың маңыздылығын еске салады.