Жетісу облысында екі полицей қаза тапты

Редактор
29.06.2025, 18:00
Жетісу облысында екі полицей қаза тапты
ІІМ тарапынан марқұмдардың отбасына қажетті көмек көрсетіледі

Жетісу облысында екі полицей қаза тапты. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов әлеуметтік желідегі парақшасына жазды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Қызметтік міндеттерін атқару кезінде жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан Жетісу облысы Полиция департаментінің қызметкерлері – полиция майоры Арнұр Алханов пен полицияның аға лейтенанты Шыңғыс Әсілбековтің туған-туыстарына және жақындарына көңіл айтамын. Олардың есімдері әрдайым әріптестерінің жадында сақталады», – деп жазды министр.

Сондай-ақ ол министрлік тарапынан марқұмдардың отбасына қажетті көмек көрсетілетінін атап өтті.