Жетісу облысы Табиғи монополияларды реттеу департаменті басшысының жемқорлығы әшкереленді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Антикор ақпаратына сәйкес, шенеунік 2025 жылға арналған электр энергиясының тарифі мен тарифтік сметасын көтергені үшін «Талдықорған акционерлік көлік-электржелілік компаниясы» АҚ басшысынан 500 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілініп отыр.
Тергеу жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.