Жерді жекеменшікке заңсыз берген бөлім басшысы жауапқа тартылды

Редактор
27 февр. 2025 г., 17:27
Жерді жекеменшікке заңсыз берген бөлім басшысы жауапқа тартылды

Жерді жекеменшікке заңсыз берген бөлім басшысы жауапқа тартылдыдеп хабарлайды Bairaqmedia.kz. 
 
Ақмола облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы шаруашылық жүргізуші субъектісіне Қосшы қаласының қалалық жағажайын орналастыру және оған қызмет көрсету үшін кадастрлық құны 47, 6 млн теңге болатын 1, 9844 гектар жерді заңсыз беру фактісін анықтады.
 
Ақпаратқа сәйкес, 2024 жылы 2 маусымда Қосшы қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы шарт негізінде Қосшы қаласы Сарқырама өзенінің бойында орналасқан жағажай түріндегі мүлікті 5 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға берді. Бұл ретте Қосшы қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде осы жер учаскесін пайдалану және оған билік ету құқығы болған жоқ. Осылайша, бөлім басшысы негізсіз шарт жасасып, жерді сенімгерлік басқаруға берді.

2025 жылғы 27 қаңтардағы қадағалау актісі бойынша заңсыз жасалған шарттың күші жойылып, Қосшы қаласы әкімінің 2025 жылдың 29 қаңтардағы өкімімен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін бөлім басшысына тәртіптік жаза қолданылды, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Сарқырама мен Тайманұлы көшелерінің бойында орналасқан 5 жер учаскелерінде көпірлер мен қоршаулар орнату арқылы мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алу фактілері анықталды.
 
Уәкілетті органдар жер учаскелерін қайтару бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.