«Жеңіс» футбол клубының ойыншысы жол апатынан қаза тапты

Редактор
24.09.2025, 15:38
«Жеңіс» футбол клубының ойыншысы жол апатынан қаза тапты
Павлодар облысындағы жол апатынан "Жеңіс" футбол клубының ойыншысы Виктория Кайсаринова қаза болған. Қайғылы хабарды "Жеңіс" футбол клубы хабарлап, марқұмның жақындарына көңіл айтты.

Павлодар облысындағы жол апатынан "Жеңіс" футбол клубының ойыншысы Виктория Кайсаринова қаза болған. Қайғылы хабарды "Жеңіс" футбол клубы хабарлап, марқұмның жақындарына көңіл айтты.

"Жеңіс" футбол клубы Виктория Кайсаринованың отбасы мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады.

Павлодар-Астана тас жолындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан біздің команданың футболшысы Виктория Кайсаринова көз жұмды. Жүргізуші жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, арақашықтықты сақтамаған. Осы жағдай жүк көлігімен соқтығысуға әкелді.

Бұл жағдайға әлі де сену қиын. Бұл біздің бүкіл клуб үшін ауыр және орны толмас қаза. Виктория жарқын ойыншы және нағыз дос болды. Ол біздің жүрегімізде мәңгі сақталады", - делінген хабарламада.