«Жасыл аймақ» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы сотталды

Редактор
11 мар. 2025 г., 16:30
«Жасыл аймақ» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы сотталды

Түркістан облысының Табиғат пайдалану және табиғи ресурстар басқармасына қарасты «Жасыл аймақ» КММ-нің бұрынғы басшысы сотталды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Антикор мәліметінше, Түркістан қалалық соты облыстық табиғат пайдалану және табиғи ресурстар басқармасы жанындағы «Жасыл аймақ» КММ бұрынғы басшысы И. Бегасиловқа, оның орынбасары А. Ерназаровқа, КММ заңгері М. Айнабековаға және кәсіпкер И. Муслимовқа қатысты үкім шығарған.

Олар техникалық ерекшелікке және қойылатын сапа талаптарына сәйкес келмейтін арзан пестицидтер мен гербицидтерді сатып алу арқылы 14,9 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Бегасилов 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылса, Ерназаров, Айнабекова және Муслимов 2 жылға бас бостандығынан шектеуге сотталды, –делінген хабарламада.

Сонымен қатар, олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды. 

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.