«Жаңсақтау бөлімінде жатыр»: Алматыда ток соққан қыздың анасы жанайқайын айтты

Редактор
20.08.2025, 15:22
«Жаңсақтау бөлімінде жатыр»: Алматыда ток соққан қыздың анасы жанайқайын айтты
Алматыда тұрғын үй ауласында оқыс оқиға болып, кішкентай қыз жарақат алды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Алматыда тұрғын үй ауласында оқыс оқиға болып, кішкентай қыз жарақат алды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Баланың анасының сөзінше, қызы аулада ойнап жүрген кезде шам бағанасының қасында орналасқан тоқ жүрген металл арматураға қолын тигізіп алған.

«Қызым жерге отырып, таспен ойнап жатқан. Сол кезде шығып тұрған арматураға қолын тигізіп еді, ток соғып, бірден құлап қалды. Қолын әрең тартып алдым, өзім де тоқ разрядын алдым. Жедел жәрдем шақырдық, қазір қызым күйік пен электр жарақатымен жансақтау бөлімінде жатыр», – деді әйел.

Оқиға RAMS Kazakhstan компаниясы салған, Новая көшесі, 39 мекенжайындағы тұрғын үй кешенінің ауласында болған.

Зардап шеккен баланың анасы әкімдіктен және құрылыс компаниясынан жағдайды тергеуді және шара қабылдауды талап етуде:

«Күн сайын балалар ойнайтын аулада 220 вольт тоқ жүрген арматура шығып тұр. Бұл – кез келген бала үшін өмірге қауіп. Мен әділдікті қалаймын және кінәлілер жауапқа тартылсын», – деді ол.

Қазір дәрігерлер қыздың жағдайын бақылауда, ал оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.