Жаңбырдан кейін Алматының тынысы ашылды

Редактор
9 дек. 2025 г., 17:27
Жаңбырдан кейін Алматының тынысы ашылды

Кеше Алматыда жауғңан жаңбыр қаланы біраздан бері тұмшалап тұрған түтін мен шаңнан арылуға себеп болды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Ауа сапасын бақылайтын халықаралық ұйым IQAir деректеріне қарағанда, қаланың ластану көрсеткіші де едәуір жақсарған. Естеріңізге салсақ, соңғы айларда Алматыдағы ауаның сапасы нашарлап,  қаламыз антирейтингтерден түспей келген еді. Бірақ табиғаттың алай-дүлей мінезі мен селдіреп жауған аз ғана жауынның өзі қаланың аспанын қайта ашып, қала тұрғындары да еркін тыныстап, рахаттанып қалды. 

Айта кетейік, 1 желтоқсаннан бастап Алматының жергілікті атқарушы органдары ауаны ластауды азайтып, автопаркті жаңарту мақсатында жаңа экологиялық ережелер енгізді. Атмосфераны қорғау ережелерін әзірлей бастады. Ол құжат қазір келісіліп жатыр.

Сонымен қатар желтоқсанның алғашқы күндерінде Алматыда қатты отын пайдаланатын кәуапханаларға бақылау да күшейді. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер көпшілік тамақтанатын орындарға жоспардан тыс 12 тексеріс жүргізіп, 10 заң бұзушылықты анықтаған. Қалада сондай-ақ «Eco Almaty» ЖШС-нің жылжымалы зертханалары жұмыс істеп, зиянды қалдықтардың деңгейін тіркеп, тексеріп жүр.