Жаңаөзенде түлектер тізгіндеген көлік апатқа ұшырады

Редактор
23.05.2025, 22:06
Жаңаөзенде түлектер тізгіндеген көлік апатқа ұшырады
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында мектеп түлектері жол апатына ұшырады деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында мектеп түлектері жол апатына ұшырады деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Әлеуметтік желіде оқушылар мінген көліктердің бір-бірімен соқтығысқан сәтінің видеосы тарады. Бейнероликтен түлектердің жол талғамайтын көлікпен келе жатып кенеттен жылдамдықты арттырғанын байқауға болады.

Кейін жолда шаң көтеріліп, машиналардың бірі алдында келе жатқан көлікке барып соқтығысады.

Жастарды ауыр жарақаттан қорғаныш жастықтары сақтап қалған секілді. Бірақ, соның өзінде де бірнеше жігіттің көліктен басын ұстап шығып жатқаны көрінеді.

Желі қолданушылары түлектердің ата-аналарын жазалау керек деп жазып жатыр.