Жамбыл облысында полицей өзіне қол жұмсады

Редактор
13 февр. 2025 г., 16:30
Жамбыл облысында полицей өзіне қол жұмсады

Жамбыл облысында полиция қызметкері өзіне қол жұмсады.

Бұл ақпаратты Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растап, суицидке әкелудің мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.

"Суицидке жеткізу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеудің объективтілігі мен мән-жайды анықтауға бағытталған барлық тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада. 

Осы орайда Жамбыл облыстық полиция департаменті Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етуге жатпайтынын хабарлады. 

Күні кеше ғанЖамбыл облысында полицей қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқаны туралы хабарлаған едік.