Жамбыл облысында аса ірі көлемде есірткі сақтаған тұрғын сотталды

Редактор
25.06.2025, 14:49
Жамбыл облысында аса ірі көлемде есірткі сақтаған тұрғын сотталды
Үкім заңды күшіне енген жоқ

Байзақ ауданы тұрғыны марихуананы аса ірі көлемде сату мақсатында сақтағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
 
Ақпаратқа сәйкес, Байзақ ауданы прокуратурасының үйлестіруімен Жамбыл облысы ПД-нің Есірткі қылмысымен күрес басқармасы ауданның 51 жастағы тұрғынын аса ірі мөлшерде есірткі сақтады деген күдікпен ұстаған. Күдіктінің үйін тінту кезінде салмағы 15 келіден асатын марихуана табылып, тәркіленді.

Қылмыстық іс тергеп-тексеру нәтижесімен сотқа жолданды.

Соттың 2025 жылғы 10 маусымдағы үкімімен кінәлі адам Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі 3) бөлігімен 7 жылға бас бостандығынан айырылды, – делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.