Франция Президенті қазақ тілінде жазба жариялады

Редактор
24 авг. 2025 г., 06:44
Франция Президенті қазақ тілінде жазба жариялады

Франция Президенті Эммануэль Макрон Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлескенін қазақ тілінде мәлімдеді, деп жазады bairaqmedia.kz. 

Макрон бұл туралы Х әлеуметтік желісінде жазба қалдырды.

«Біз стратегиялық әріптестігімізді нығайту мәселесін, әсіресе көлік және энергетика саласында, 2023 жылғы қарашада Қазақстанға жасаған сапарымның және өткен қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға жасаған мемлекеттік сапарының жалғасы ретінде талқыладық. Сондай-ақ, біз халықаралық жағдайды да қарастырдық. Ресейдің Украинаға қарсы жүргізіп жатқан соғысын және Оңтүстік Кавказдағы жүріп жатқан келіссөздерді», – деп жазды ол.