Fly Arystan ұшағы Орал әуежайында құстармен соқтығысқан

Редактор
28 янв. 2025 г., 23:00
Fly Arystan ұшағы Орал әуежайында құстармен соқтығысқан

Fly Arystan ұшағы Орал әуежайында құстармен соқтығысқан, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақпаратқа сәйкес, кеше Орал-Астана бағыты бойынша FlyArystan FS 7366 әуекомпаниясының рейсін орындаған ұшақ Орал қаласының әуежайынан ұшқан кезде құстар тобына соқтығысқан. Ұшақ жүйелері мен қозғалтқыштарының жұмысында ақау байқалмағандықтан, экипаж ұшуды жалғастырып, Астана қаласының әуежайына штаттық режимде қонған.

Ұшақ қонғаннан кейін сол қозғалтқыштағы компрессор қалақшалары мен фюзеляжда көптеген зақымданған жерлер анықталды, сондай-ақ құстардың қалдықтары қозғалтқышта және басқа жерлерде табылды. Орал әуежайында осындай оқиғаларды болдырмау мақсатында құстардың түрлерін анықтау үшін ДНК-тестілеуге жіберіледі, – делінген хабарламада.

Айта кетсек, 2024 жылы Air Astana компаниялар тобында 10 мың ұшуға құстарға соқтығысу көрсеткіші 2023 жылмен салыстырғанда 30% -ға өсіп, 203 оқиға болған.