АЭС салу туралы келісімге жақын арада қол қойылады. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Жақын арада Алматы облысында бірінші Атом электр станциясын салу бойынша тиісті келісімдерге қол қоямыз. Сондай-ақ екінші Атом электр станциясы құрылысының ықтимал орындарын анықтау үшін өңірлерді талдау жұмыстары аяқталуға жақын, - деді Олжас Бектенов.
Еске сала кетсек, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.