Түркістан қаласында діни экстремизмге қарсы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасын тапты, - деп хабарлайды
bairaqmedia.kz
Қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен Ислам діні туралы толыққанды ақпарат беру үшін бұл жолы мамандар "Ұлы Дала Елі" орталығына табан тіреді. Мұндағы мамандар кездесуге қызметкерлерді ұйып тыңдады.
Кездесуге Түркістан қаласы ішкі саясат бөлімінің теолог маманы Бахауддин Нуриддинов пен қызметкері Еламан Қыдырбай қатысты.
Кездесудің мақсаты дін саласындағы тұрақтылықты сақтау, діни экстремизм мен теріс діни ағымдардың алдын алу. Әрі ұлттық құндылықтарды насихаттай отырып, шетелде діни білім алу қауіптілігі жайлы түсіндіру.
Кездесудің соңында "Ұлы Дала Елі" орталығы мамандарының тарапынан қойылған сұрақтарға теолог маман толыққанды жауап берді.