Алматының Медеу ауданында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет бірнеше кәуапханадан экологиялық және санитарлық заңбұзушылық анықтады. Төрт нысанда заң бұзушылық тіркеліп, бір іс бойынша материалдар сотқа жіберілді, деп хабарлайды
bairaqmedia.kz
Салынған айыппұл мөлшері 1миллион 2 мың теңгеден асты. Сонымен қатар «Eco Almaty» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің экологтары және табиғатты қорғау полициясы «Грузинский двор» кафесінде (Қабанбай батыр көшесі) және Modi кафесінде (Қабанбай батыр көшесі, 15) қатты отынды қолдану фактісін тіркеді.
Тұрғындар түтін мен жағымсыз иіске шағымданған. Нысан иелеріне қатты отын қолдануға тыйым салынғаны және газ жабдықтарымен жұмыс істеген кезде сүзгі орнату қажеттігі ескертілді.
Айта кетейік, қалада қоғамдық тамақтану орындарына тексеріс тұрақты түрде жүргізіледі. Экологтар оны атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында бақылайды.