Екібастұзда сауда орталығының төбесі опырылып түсті, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
ТЖМ ақпаратына сәйкес, Мұхтар Әуезов көшесі бойындағы сауда үйлерінің бірінде 150 шаршы метр алаңда аспалы төбе опырылған.
Оқиға орнында шұғыл қызметтер жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер жоқ, – делінген ТЖМ хабарламасында.