Екі адам зардап шеккен: «АзияАгроФуд» зауытында жарылыс болды

Редактор
26.05.2025, 22:38
Екі адам зардап шеккен: «АзияАгроФуд» зауытында жарылыс болды
Компания зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді

Алматы облысында «АзияАгроФуд» АҚ құрамажем зауытында жарылыс болды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

«АзияАгроФуд» АҚ құрамажем зауыты аумағында ұн-қоспа шаңы жарылып, соның салдарынан кәсіпорын қызметкерлері зардап шекті. Қазір олар медициналық мамандардың бақылауында, барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Компания қызметкерлерінің денсаулығына алаңдаулы екенін жеткізіп, зардап шеккендердің өздерімен және олардың отбасыларымен үнемі байланыста екенін атап өтті.

«Бүгінде біздің басты басымдықтарымыз – зардап шеккендерге қажетті көмекті толық көрсету, кәсіпорын аумағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және оқиғаның себептерін жан-жақты анықтау. Біз ішкі тексеріс жүргізуді бастадық және болған жағдайды жан-жақты тергеу үшін тиісті органдармен толық ынтымақтастық орнаттық», – деді «АзияАгроФуд» АҚ басқарма төрағасы Саян Ашенов.

Кәсіпорын өкілдері қызметкерлердің қауіпсіздігі компанияның басты басымдығы болып қала беретінін атап өтті.

«Компания жедел қызметтермен және қадағалаушы органдармен тығыз ынтымақта жұмыс істеуде. Жаңа мәліметтер түскен сайын қосымша ақпарат беріліп отырады», – делінген хабарламада.