Түркістан облысы Жетісай ауданының соты жанар-жағармай автогаз құю бекетінде өрт қауіпсіздік талаптарының ережелерін сақтамағаны үшін екі адамға қатысты айыптау үкімін шығарды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы абайсызда 2 адамның өліміне алып келген сотталушылардың кінәлі екендерін дәлелдеді.
Сот өрт қауіпсіздік талаптарының ережелерін сақтамай, екі адамның өмірінің қиылуына әкелген қылмысты жасаған «JOL YRYSY» ЖШС-нің жүргізушісі және оның басқарушы директорына әрқайсысына 5 жылдан бас бостандығынан айыру жазаларын тағайындады, – делінген хабарламада.
Келтірілген моральдық және материалдық шығын ішінара өтелді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.