Діни экстремизм үшін 12 адам ұзақ мерзімге сотталды

Редактор
31.05.2025, 18:20
Діни экстремизм үшін 12 адам ұзақ мерзімге сотталды
Астана қаласында 12 адамға қатысты сот үкімі заңды күшіне енді. Оларға елімізде тыйым салынған діни-экстремистік ұйым құрды деген айып тағылған деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Астана қаласында 12 адамға қатысты сот үкімі заңды күшіне енді. Оларға елімізде тыйым салынған діни-экстремистік ұйым құрды деген айып тағылған деп хабарлайды bairaqmedia.kz

ҰҚК ақпаратына сәйкес, тергеу барысында бұл адамдардың діни алауыздықты қоздырып, экстремистік және террористік идеологияны таратқаны, сондай-ақ жаңа жақтастарды тартумен айналысқаны анықталған.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оларды 9 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айырды.

Белгілі болғандай, олардың көпшілігі бұған дейін де ауыр қылмыстар жасағаны үшін сотталған: полиция қызметкерін өлтіру, қарақшылық, тонау, адам ұрлау және есірткі саудасына қатысқан.

Тергеу барысында бұл топ радикалды көзқарастағы ұйым құрып, қоғамға қауіп төндіретін іс-әрекетпен жүйелі түрде айналысқаны дәлелденген.