Бұршақ жауады: Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады

Редактор
21.08.2025, 14:29
Бұршақ жауады: Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады
Алдағы күндері солтүстік-батыс циклоны республиканың басым бөлігіне ықпал етеді, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Алдағы күндері солтүстік-батыс циклоны республиканың басым бөлігіне ықпал етеді, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Соның салдарынан республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстік өңірлерде қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың батысы мен солтүстік-батысына батыс антициклонының тарамы ығысып, жауын-шашын тоқтау күтіледі.

Республика бойынша жел күшейеді, солтүстікте түнде және таңертең – тұман. Солтүстікте түнде +8…+15°С, күндіз +20…+25°С дейін төмендейді. Орталықта түнде +9…+18°С, күндіз +18…+30°С. Шығыста түнде +7…+18°С, күндіз +19…+27°С. Батыста түнде +15…+23°С дейін жоғарылап, күндіз +30…+37°С. Солтүстік-батыста түнде +8…+16°С, күндіз +25…+33°С. Оңтүстікте түнде +13…+22°С, күндіз біртіндеп төмендеп +27…+35°С. Оңтүстік-шығыста түнде +10…+22°С, күндіз біртіндеп төмендеп +20…+32°С күтіледі.

 https://kaz.inform.kz/news/aldagi-kunder-soltustk-onrlerde-burshak-zhauadi-kazgidromet-dbf2c2/