БҚО-да ер адамды 300 келі шөп басып қалған

Редактор
16 февр. 2025 г., 19:00
БҚО-да ер адамды 300 келі шөп басып қалған

Бүгін ТЖМ құтқарушылары Батыс-Қазақстан облысында ер адамды құтқарды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Қаратөбе ауылында 1982 жылы туған ер адамды 300 келілік шөп орамы басып қалған. Оның көмек сұрап шақырғанын естіген адам тез әрекет етіп, құтқарушыларды шақырған.

Құтқарушылар ер адамды арнайы құрал-жабдықтардың көмегімен босатып, медициналық жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Оның денсаулығына қауіп төнбеді.