БҚО-да ер адам моторлы арамен адамдарға шабуылдады

Редактор
30.05.2025, 15:47
БҚО-да ер адам моторлы арамен адамдарға шабуылдады
Күдікті психикалық тексеруге жіберілді

Жанармай бекетінде моторлы арамен адамдарға шабуыл жасаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында орналасқан «Нефтэк» жанармай құю бекетінде 36 жастағы ер адам қолына моторлы ара алып, адамдар мен көліктерге шабуыл жасаған. Куәгерлер бірден полицияға хабар берген.

Бөрлі аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, 1989 жылы туған құқықбұзушы ұсталып, уақытша бейімдеу және детоксикациялау орталығына жеткізілді.

Қазір оны облыстық психикалық денсаулық орталығына жіберу мәселесі қаралып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.