Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының прокуратурасы білім беру ұйымдарында тексеру жүргізіп, әртүрлі саладағы заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Ақпаратқа сәйкес, Т.Жароков атындағы жалпы орта білім беретін мектепте кәмелетке толмағандар арасында жүргізілуі тиіс «Өмір қауіпсіздігі негіздері» бойынша міндетті сабақтар өтілмеген. Аталған сабақтар ауданның барлық 1200 оқушысы үшін ұйымдастырылуға тиіс болған.
Еңбек қатынастары саласындағы бұзушылықтар да тіркелді: қызметкерлер ұжымдық шарттармен таныспаған, ал еңбек шартын бұзу кезінде белгіленген нормалар сақталмаған.
Тексеру нәтижесінде 30 лауазымды тұлға тәртіптік, ал 8 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – делінген прокуратура хабарламасында.