Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты РММ бас директоры жемқорлықпен күдікке ілінді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен «Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты» РММ-нің бас директорына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Ол резерватта шын мәнінде жұмыс істемеген адамға жалақыны заңсыз есептеу арқылы ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.
Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.
Қазір оның басқа қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр.