Республика аумағында өткізіліп жатқан «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында бірнеше өңірден заңсыз цехтар анықталды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Ақпаратқа сәйкес, Семейден 17 шақырым жерде тиісті құжаттарсыз және ветеринариялық-санитариялық бақылаусыз етті қайта өңдеп, сатқан заңсыз цех анықталды. 350 бас ірі қара мал, ет өнімдері және етті бөлшектеуге арналған арнайы жабдықтар, 96 дана құлақ жапсырмалары тәркіленген.
Шымкентте осыған ұқсас тағы бір цех анықталды. 30-дан астам ірі қара мал және 40 жылқы тәркіленді.
Жетісу облысында еркін жайылымнан бес сиырды ұрлап әкеткен ер адам ұсталды.
Барлық фактілер бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады, - деп атап өтті ведомствода.
Айта кетсек, соңғы бес жылда Қазақстанда мал ұрлығының саны 37%-ға азайды. Сондай-ақ 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2025 жылдың екі айында бұл қылмыс түрі 47,2%-ға төмендеді. Былтыр екі айда мал ұрлығының 217 фактісі тіркелсе, биыл 152 факт тіркелген.