Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекеттік қызметшілерді құмар ойындары үшін жұмыстан шығарды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Ақпаратқа сәйкес, талдау шеңберінде мемлекеттік қызметкерлердің құмар ойындарға қатысуы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамау фактілері анықталған
Ақжар ауданы әкімдігінің құрылыс және сәулет бөлімінің бас маманы заң талаптарын бұза отырып, «1XBET» букмекерлік кеңсесінде жүйелі негізде «ставкалар» қойып отырған. Осындай заңбұзушылықтар Ұялы ауылдық округі әкімі аппаратының және Ақжар ауданының білім бөлімінің бас мамандарына қатысты анықталды, – делінген прокуратура хабарламасында.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша жоғарыда аталған лауазымды адамдар жұмыстан босатылды.