Бет-әлпетті жабуға тыйым: Түркістанда полицейлер түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Редактор
04.08.2025, 18:16
Бет-әлпетті жабуға тыйым: Түркістанда полицейлер түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Түркістанда полицейлер қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабуға тыйым салу туралы заңнамадағы өзгеріске байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Түркістанда полицейлер қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабуға тыйым салу туралы заңнамадағы өзгеріске байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

12 шілдеден бастап қоғамдық орындарда адамның түр-сипатын тануға кедергі келтіретін киімдерге тыйым салатын заңнама нормасы күшіне енген болатын. Шектеу адамның бет-жүзін толықтай жауып тұратын киімдерге – мысалы, никаб пен бетпердеге қатысты. Ал, хиджаб, химар, шейла сияқты бет ашық қалатын киімдерге бұл талаптың қатысы жоқ. Полицейлер осы туралы тұрғындарға жан-жақты ақпарат беруде. 

Айта кетерлігі, бұл ереже медициналық, ауа райына байланысты, қызметтік және спорттық мақсатта киілетін киімдерге де қатысты емес.

Сонымен қатар, полицейлер интернет-алаяқтықтың түрлері мен одан сақтану жолдары туралы да түсіндіруде. Бұл шара қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, әрі азаматтарды құқықтық ақпараттандыруға бағытталған.