Батыс Қазақстанда субсидияға бөлінген қаржы басқа мақсаттарға жұмсалған

Редактор
4 мар. 2025 г., 18:46
Батыс Қазақстанда субсидияға бөлінген қаржы басқа мақсаттарға жұмсалған

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының прокуратурасы субсидия беру кезінде заңдылықтың сақталуын талдау нәтижелері бойынша 12 миллионға жуық теңге көлемінде бюджет қаражатын теріс пайдалану фактілерін анықтады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz. 
 
Талдау барысында 2023 жылы 11 935 000 теңгеге субсидияланған 1 154 бас малдың сақталу мерзімі қамтамасыз етілмей, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор есебінен шығарылғаны анықталды.

Мысалы, ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі 2023 жылы мамырда 383 асыл тұқымды ірі қараға 3 830 000 теңге көлемінде субсидия алып, оларды бір жылдың ішінде дерекқордың есебінен шығарған. Ал субсидиялау қағидаларына сәйкес мал басының жыл бойы сақталуы (мал шығынының зоотехникалық нормасын қоспағанда) қамтамасыз етілуі міндеттелген, – делінген прокуратура хабарламасында.

Осының салдарынан мемлекетке 11 935 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірілді.
 
Заңды бұзу фактілері бойынша құзыретті органға тиісті қадағалау актісі енгізілді, қарау сатысында.