Қарағандыда 6 жастағы балалармен жыныстық қатынасқа түскен 60 жастағы күдікті ұсталды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Ол өзінің азғын әрекетін бейнетаспаға жазып отырған. Күдікті ойнас үшін кезекті баланы сатып алып жатқан жерінде қолға түсті.
Қаршадай балаларын азғынның қолына бергені үшін аналары ақша алған. Күдікті порнографиялық ролик түсіру мақсатында балалардың шешелерімен келісімдер жасаған. Қазір азғынға 6 жастағы балаларын берген аналарға қатысты да қылмыстық іс қозғалды. Бауыр еті баласын сатқан екі келіншек те жезөкшелер екен.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қарағанды облысы Абай қаласында өз анасымен өгей әкесі 15 жастағы қызды 38 жастағы еркекке ұзатып жіберген еді. Қаршыдай қыз 5 күннен кейін туған әкесіне қашып келіп, полицияға арыз түсірді.
Қазір күдікті қамауға алынып, тергеу жүріп жатыр.