Азамат Жолманов Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Азамат Сағатұлы Жолманов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – делінген Ақорда хабарламасында.
Бұған дейін аталмыш қызметте болған Ерлан Қуанышұлы лауазымынан босатылды.
Сондай-ақ, Әлібек Ғазизұлы Ахмедьяр Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.