Ауыз су мәселесі. Депутат: "Президент тапсырмасының уақтылы орындалмайтын түрі бар"

Редактор
30 окт. 2024 г., 17:00
Ауыз су мәселесі. Депутат: "Президент тапсырмасының уақтылы орындалмайтын түрі бар"

2025 жылы барлық ауылды 100% сумен қамтамасыз ету мәселесі тұр. Биылғы бюджеттің жобасында бөлінетін қаражатты есепке алатын болсақ, Мемлекет басшысының бұл тапсырмасы уақытылы орындалмайтын түрі бар. Біз барлық ауылды есепке алып, 80 млрд теңгеге жуық қаражатты AMANAT фракциясының атынан арнайы есептедік. Соның өзінде сіздер бұл бюджеттің жобасында тек 15 млрд теңге қаражатты ғана қолдап отырсыздар, - дейді депутат.

Депутаттың сөзінше, кейбір өңірлер Мемлекет басшысының тапсырмасын ысырып қойып, жобалық-сметалық құжаттарды мүлде дайындамаған.

Яғни бұл Үкіметтің бақылауының әлсіздігі деп есептеймін. Неге олар дайындамаған? Мемлекет басшысы тапсырған 500 адамнан асатын тұрғыны бар ауылдың барлығы сусыз қалуы керек пе? Суы жеткізілген ауылдардың Жоғарғы аудиторлық палатаның есебі бойынша шамамен 13%-ға жуығы қайтадан жөндеуден өтуі керек. Яғни оларда су жетіспейді. Солтүстік Қазақстан, Түркістан сияқты 7 өңірде әлі күнге дейін арбамен су тасып ішіп отырған азаматтар, отбасылар бар. Осы жобаны аяқтау жоспарларыңызда бар ма? Егер бұл жобаны 2025 жылы шамамен 100 млрд қаржы бөліп толық аяқтамасаңыздар, бұл мәселеде жауапкершілікті кім мойнына алады? – деп сұрады Елнұр Бейсенбаев.