Атырауда табиғи резерват аумағындағы өртті сөндіруге 100 тонна су кеткен

Редактор
16.06.2025, 20:01
Атырауда табиғи резерват аумағындағы өртті сөндіруге 100 тонна су кеткен
Сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр

Атырау қаласы Еркінқала ауылынан 15 шақырым жерде «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында қамыс өртенді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Өртті сөндіру «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 су төгу құрылғысы бар тікұшақпен іске асырылды. Барлығы 33 рет, жалпы көлемі 100 тонна су төгілді.

Қазір бір ошақта ауданы 7 гектар болатын аумақта қамыс бықсып жатыр. Өртті сөндіруге ТЖД және «Ақ Жайық» МТР күштері мен құралдары, жалпы саны 80 адам, 23 техника жұмылдырылды. Сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, – делінген хабарламада.

Өрт орнында өрт сөндіру штабы құрылды. Елді мекендерге өрттің таралу қаупі жоқ.