Әлеуметтік желіде Атырау облысында жалғыз басты егде жастағы әйелді пәтерінде өзінің мысықтары жеп қойды деген ақпарат тарап жатыр.
Бейнежазбада Атырауда қарт жалғызбасты әйелдің өзінің пәтерінде қайтыс болып, оның денесін мысықтар жей бастағаны айтылған.
Алайда, жергілікті құқық қорғау органдары аталмыш оқиғаның шындыққа жанаспайтынын әрі оқиғаның басқа қалада болғанын хабарлады.
Хабарламада тұрғындарды тексерілмеген мәліметтерге сенбеуге әрі әлеуметтік желі қолданушыларынан ақпаратты таратар алдында оны тексеру алуын сұраған.