Атырау облысында жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, салдарынан 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Облыстық полиция дерартаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін таңертең болған.
Таңертеңгі сағат 07:30 шамасында Ақтөбе-Атырау-Ресей Федерациясының шекарасы бағытындағы тасжолының 575-шақырымы тұсында Toyota Coaster автобусы мен Lada Vesta автокөліктері соқтығысып қалған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан оқиға орнында 3 адам қаза тапты. Ал, 2 адам әртүрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді, – делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, бұған дейін Ақмола облысы Степногорск маңында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.