«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-ға қатысты тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ақпаратын сәйкес, бұған мұнай өңдеудің тауар нарығында тауарды өндіру (өткізу) көлемінің және бағасының динамикасына жүргізілген талдау себеп болған.
Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша Департамент 2021 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде орташа бағаны 31%-ға ұлғайта отырып, мұнай өңдеуге монополиялық жоғары бағаларды белгілеуде және қолдауда көрсетілген үстем жағдайды теріс пайдалану белгілерін анықтады, - делінген хабарламада.
Айта кетсек, монополиялық жоғары бағаны белгілеу фактісі бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы ықтимал бұзушылықтарды тергеп-тексеру процесінде айқындалады.