Аттракцион аяқасты істен шыққан: Оқыс оқиға болған саябақты полицейлер тексеруде

Редактор
14 апр. 2025 г., 21:44
Аттракцион аяқасты істен шыққан: Оқыс оқиға болған саябақты полицейлер тексеруде

Алматы саябағындағы оқыс оқиғаға қатысты полицейлер тексеріс бастады. Демалыс күні 30 адам мінген экстремалды аттракцион аяқ асты тоқтап, жұрт биікте біраз уақыт тұрып қалған деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Техникалық ақау реттелгенше адамдар ауада 10 минуттай тұрған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Инженерлер істен шыққан бұрандаларын ауыстырып, аттракцион қайта іске қосылды.

Аттракционда болғандардың ешқайсысы шағым түсірген жоқ. Жағдай қалыпты және толығымен саябақ инженерлерінің бақылауында болды. Зардап шеккендер жоқ. Бұл аттракцион тексеріліп, қауіпсіздік датчиктері ауыстырылды, содан кейін сағат 15:30-да "Ромашка" аттракционы қайта істеді. Қазір саябақ қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлады саябақ өкілдері.

Осы жағдайға қатысты полиция тексерісті бастап, құқықтық бағасын бермек.  

Алматыда саябақтардың біріндегі карусельге қатысты оқиға бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы тексеруді бастады. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, оның қорытындысы бойынша құқықтық баға беріледі, - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаменті.