Астаналық жігіт ойынның кесірінен туыстарын пышақтап тастады

Редактор
19 янв. 2025 г., 21:29
Астаналық жігіт ойынның кесірінен туыстарын пышақтап тастады

Оқиғаға куәгерлерінің сөзінше, үйдегі жанжал Free Fire ойынынан шыққан, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz. 

Мұстафин 21\5 мекенжайындағы үйде таңғы сағат 4.00 кезінде 21 жастағы тұрғынның телефонын үйдегі туыстары тартып алған. Соған ашуланған жігіт туыстары ұйқыға кеткенде пышақтаған шабуылдаған. Салдарынан 1997 жылғы ағасы оқиға орнында жан тапсырған. Ал қалған үшеуі ауыр жарақатпен ауруханаға түскен.

Күдікті 21 жастағы Астана тұрғыны, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, жанжалға туыстарының жігіттің әрекетіне айтылған сыны себеп болған. Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр, деп жазылған Астана қаласы полиция департаменті мәліметінде.