Астана қаласының прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, қазір 12 адам қамауға алынған.6 мыңнан аса салымшылары бар тұрғын үй кешендерін заңсыз салу дерегі анықталды, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Жосықсыз құрылыс салушыларға қатысты 16 қылмыстық іс тергелуде, 12 адам қамауда. Құны 7 млрд теңгеден асатын аяқталмаған құрылыс объектілерін өндіріп алу туралы прокурордың 8 талабы сотпен қанағаттандырылды. Салынып жатқан тұрғын үй кешендерінде пәтерлерді заңсыз сатуды жүзеге асырған 51 құрылыс салушы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 320-бабы бойынша жауаптылыққа тартылды, — делінген хабарламада.
Рұқсат құжатсыз үлескерлердің қаражатын заңсыз тарту жүзеге асырылған «Qurmangazy» тұрғын үй кешенін бұзуға қол жеткізілді.