Астана ТЖД баспасөз қызметі өрт кезінде автобуста жолаушылар болмағанын айтты. Өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын оқшаулап, сағат 14:58–де толығымен сөндірген, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
— Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Автобуста жолаушылар болмады. Өрттің себебі анықталуда. Екі техника, 10 адам жұмылдырылды, — деді Астана қаласы ТЖД Асқар Забикулин атындағы 6-МӨСБ бастығы Нұрсултан Ошақбаев.