Астанада екінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды

Редактор
23 янв. 2025 г., 17:15
Астанада екінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды

Елордада ауа райына байланысты оқушылар қашықтан оқуға ауыстырылды. Бұл туралы қалалық білім басқармасы хабарлады. 

Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - делінген хабарламада.