«Артында бес баласы қалды»: Ақтөбеде ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды

Редактор
21 нояб. 2025 г., 19:23
«Артында бес баласы қалды»: Ақтөбеде ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды

Ақтөбе қаласының маңынан ерлі-зайыптылардың денелері табылды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Orda порталының жазуынша, Екеуі де өткен күні із-түзсіз жоғалып кеткен. Жергілікті еріктілер оларды іздеуге көмек сұраған еді.

Бүгін қала сыртынан ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша, ер адам әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол салған болуы мүмкін.

«Орда» сайтының дереккөздерінің айтуынша, олардың артында бес бала қалды.

«Әйелдің денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталды. Кейін күйеуі асылған күйде табылды. Оқиға орнында тергеушілер аумақты тексеріп, дәлелдер жинап, жұмыс істеп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды, қылмыстық іс қозғалды», — деп хабарлады полиция департаменті.