Арман Қырықбаев президент көмекшісі болып тағайындалды

Редактор
25 февр. 2025 г., 00:00
Арман Қырықбаев президент көмекшісі болып тағайындалды

Арман Қырықбаев президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.

Ол бұрынғы атқарған ҚР Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды. Бұл қызметке 2024 жылғы 9 наурызда тағайындалған болатын.