Ақтөбе облысында уақытша өткелді су шайып кетті

Редактор
15 мар. 2025 г., 18:10
Ақтөбе облысында уақытша өткелді су шайып кетті

Ақтөбе облысы Ойыл ауылының кіреберісіндегі Ойыл өзені арқылы өтетін уақытша үйінді өткелді қардың суы шайып кетті, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақпаратқа сәйкес, былтырғы су тасқынында зардап шеккен негізгі көпірдің жөнделуіне байланысты тұрғындардың қатынасы үшін 1 шақырым жерден уақытша үйінді өткел салынған еді. Бүгін өзендегі қар суы еріп, өткелді су басты.

Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бір тәуліктің ішінде қатынас қайта ашылуға тиіс.