Ақтөбе облысында 16 оқушы астан уланды, деп хабарлайды
Bairaqmedia.kz.Ақпаратқа сәйкес, оқиға Қобда ауылында болған.
Оқушылардың бірі мектепке шығарылған жері белгісіз, құрамы күмәнді тағам алып келген. Белгісіз тамақты жеген соң, 7 бала әлсіреп, 9-ы қатты иістен өздерін жайсыз сезінген, – делінген хабарламада.
Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, қазір 9 бала аудандық ауруханада ем алып жатыр. Олардың жағдайлары тұрақты, ешқандай қауіп жоқ.