Ақтөбе облысында айналма жолды су басты

Редактор
18 мар. 2025 г., 16:31
Ақтөбе облысында айналма жолды су басты

Ақтөбе облысында айналма жолды су басты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақпаратқа сәйкес, бүгін таңғы 07:00 шамасында «Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз» республикалық автожолының 92-шақырымындағы Жем көпірі маңындағы айналма жолда су тасқыны тіркелген. Тасқынның ұзындығы – 100 метр, ал биіктігі – 50 сантиметр.

Су деңгейінің көтерілуіне байланысты көпір арқылы барлық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды. Жаяу жүргіншілер үшін қозғалыс ашық, – делінген «Қазавтожол» ҰК» АҚ хабарламасында.

Оқиға орнына 7 арнайы техника мен 15 маман жұмылдырылды. Жол қызметінің мамандары тәулік бойы мониторинг жұмыстарын жүргізіп жатыр.