Ақтауда балабақша қаржысын қолды қылған есепші сотталды

Редактор
6 февр. 2025 г., 21:16
Ақтауда балабақша қаржысын қолды қылған есепші сотталды

Ақтауда бюджет қаражатын заңсыз иемденген есепшіге қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Қала прокуратурасының мәліметінше, №39 «Хиуаз бөбекжай» балабақшасының есепшісі директорының атынан банк құжаттарына қол қойып, өзінің есепшоттарына мемлекет бюджетінен 9 млн теңгеден астам қаражатты заңсыз аударған.

Көрсетілген дерек бойынша сотпен есепшіге қатысты ҚК-тің 189-бабының 3-б. 1) т. үкім шығып, 3 жыл 6 айға мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, – делінген хабарламада.