Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық сотының үкімімен Ақтау қалалық сотының төрағасы Б.Ж. Шайдуллин 9 жылға және жеке сот орындаушысы Р.М. Жанахметов 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Ақпаратқа сәйкес, айыпталушылар сотталушыға түрмеге қамалмайтындай жеңіл жаза беріледі деп алдап, 18 миллион теңге көлемінде заңсыз ақша алған. Сонымен қатар олар пара беруге көндіргені үшін де кінәлі деп танылды.
Қосымша жаза ретінде Шайдуллин мен Жанахметов өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.