$ 457.21
 534.62
 6.08

Ақмола облысында найзағай әкесі мен баласын мерт қылды

Редактор
02.06.2025, 14:34
Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Оқиға орнында тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Ақмола облысында найзағай әкесі мен баласын мерт қылды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақпаратқа сәйкес, Зеренді ауданында найзағай салдарынан қайғылы жағдай тіркелген. 37 жастағы ер адам мен оның 9 жасар ұлы мал бағып жүрген сәтте найзағай соғып, екеуі де оқиға орнында қаза тапты.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға орнында тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, ал мән-жай толық анықталған соң процессуалдық шешім қабылданады.

Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Последние новости

Посмотреть все