Жақсы ауданында бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Аудан прокуратурасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерімен бірлесіп, білім бөлімінде қызметкерлеріне жалған сыйақы беру арқылы 22 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.
Аудан прокуратурасымен бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне тапсырылды.